Қазақстанда кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өседі?
2025 жылғы 27 маусымда Үкіметтің кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшерін қайта қарау жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда зейнетақы мен жалпы бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне сәйкес 10%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.
«Қазіргі уақытта болжамды инфляция деңгейі – 10,5%. Осыған байланысты 2026 жылдың бюджетінде бұл мақсаттарға 622 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Зейнетақы төлемдерін алушылардың барлығына өсім қарастырылады – бұл ынтымақты зейнетақы, базалық зейнетақы, сондай-ақ мүгедектік бойынша төлемдер, мүгедектігі бар азаматтар мен балалар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақылар. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді», – деді Светлана Жақыпова.
Оның айтуынша, негізгі базалық көрсеткіштер де ұлғайтылады.
Бұған дейін Светлана Жақыпова баланың ұлты туралы жазбаларға қатысты өзгерістер дайындалып жатқанын хабарлаған еді.