Ақтөбе облысында атасы мен немересі джиппен бірге суға батып кетті
Ақтөбе облысында бір тәуліктен астам уақыт бойы қарт ер адам мен оның кәмелетке толмаған немересі іздестірілді. Олар үйден бірге жол талғамайтын көлікпен шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалғандар туралы хабар 2025 жылғы 25 маусымда түскен. Келесі күні кешке Құдықсай ауылы маңындағы Орь өзенін шолу кезінде құтқарушылар ер адамның Toyota Hilux көлігін судан тапқан.
«Сүңгуірлер жағадан төрт метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдікте алдымен баланың, кейін атасының денесін тапты. Сондай-ақ, судан 66 жастағы ер адамның мәйіті мен көлік шығарылды», – деп мәлімдеді ТЖД.
Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын мамандар анықтап жатыр.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында ТЖД қызметкерлері Шалқар көлінде батып кете жаздаған ер адамды құтқарып қалғаны хабарланған болатын.