Ыстықта кімге кофе ішуге болмайды?

29 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: IStock

Сарапшы Юлия Попова ыстықта кофе ішудің қауіпті екенін ескертті. Нутрициологтың айтуынша, кофе несеп айдағыш әсерге ие болғандықтан, ағзаны сусыздандыруы мүмкін. Сондықтан әрбір ішілген кофе шынысына қосымша бір стакан су ішу керек, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Попова атап өткендей, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдар мұқият болуы тиіс.

"Кофе несеп айдағыш әсерді күшейтеді, ал ыстықта бұл сусыздануға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір кофе ішкенде міндетті түрде бір стақан су ішіңіз. Сол себепті жазда кофе ішу көшеде немесе ыстық бөлмелерде жұмыс істейтіндерге, спортпен айналысатындарға, сондай-ақ бүйрек ауруы бар адамдарға қауіпті болуы мүмкін", – деді Юлия Попова.

Дәрігер тамақтану рационында су мөлшерін қадағалап отыруды қатаң ұсынады.

Ол сондай-ақ күніне бір шынымен шектелуге кеңес берді, себебі кофеин қан қысымын күрт көтеруі мүмкін, ал бұл ыстықта жүрекке түсетін жүктемені арттырады.

Жүрек аурулары кезінде кофе тахикардия немесе аритмия тудыруы мүмкін. "Көп адамдар жазда суық кофеге көшеді. Мысалы, мұз қосылған американо немесе суық сумен дайындалатын колд брю қышқылдығы төмен болып, асқазан-ішек жолына жұмсақ әсер етеді", – дейді Юлия Попова.

Алайда оның да кемшіліктері бар: ол зат алмасуды баяулатуы мүмкін, сондықтан артық ішуге болмайды.

"Дегенмен, сапалы бір шыны кофе ыстық күнде шаршауды азайтып, ойды шоғырландыруға көмектеседі. Ал қан қысымы төмен адамдар үшін әлсіздік пен бас айналуды жеңілдетуі мүмкін. Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, күніне 1–2 шыны кофе ішу және су ішу режимін сақтау зиян тигізбейді", – деп түйіндеді Юлия Попова.

Тэгтер:

Дәрігер Кофе Юлия Попова