Танымал астролог Тамара Глоба 2025 жылдың шілде айы зодиак белгілері үшін күрделі кезең болатынын, алайда кейбіреулер үшін бұл ай қаржылық табысқа жетуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Оның айтуынша, шілдеде бәріне бірдей сәттілік жоламайды, бірақ бастысы – мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану.
Жаздың екінші айындағы фавориттер қатарында Глоба Егіздер (Близнецы) белгісін атады. Астрологтың пікірінше, шілде айында бұл белгі өкілдеріне фортуна ерекше көңіл аударады. Олар тек жеке өмірде емес, сонымен қатар мансапта да үлкен жетістіктерге жете алады.
«Жұмыста басшылықтың назарын аудару, жаңа лауазым алу немесе қаржылай марапатқа ие болу ықтималдығы жоғары. Бірақ жетістікке жету үшін бастамашылдық пен еңбекқорлық қажет. Егіздерге кеңесім: “Ыңғайлы аймақтан” шықпаңыз, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылыңыз», – дейді Глоба.
Екінші орында – Мергендер (Стрельцы). Бұл белгі өкілдері үшін шілде айы интернет пен әлеуметтік желілермен байланысты жұмыстарға қолайлы болмақ. Астролог оларға блог ашуға кеңес береді.
Ал Тауешкілерге (Козероги), Глобаның пікірінше, шілде айында жылжымайтын мүлік арқылы байып кетуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ бұл ай үй немесе жер телімін сатып алу үшін өте сәтті кезең болмақ.
«Егер сіздің кәсібіңіз осы салалармен байланысты болса, шілде үлкен қаржылық мүмкіндіктерге жол ашады. Ең бастысы – әрекет етіңіз, енжарлық танытпаңыз», – дейді астролог.
Ол Егіздер, Мергендер және Тауешкілер үшін бұл ай мүмкіндіктер легі үзілмейтін кезең болатынын айтты. Бірақ бұл мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін белсенділік, сенімділік және күш қажет.
Бұған дейін астрологтар жұбайынан немесе серігінен көбірек табыс табуы маңызды болатын зодиак белгілерін атаған болатын.