Болливудтың танымал актрисасы жасартатын екпе алып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды
Фото: zakon.kz

Болливудтың танымал актрисасы жасартатын екпе алып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды

Болливуд актрисасы әрі үндістандық модель Шефали Джаривала 42 жасында жүрегі кенеттен тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Indian Express газетінің мәліметінше, әртістің туыстары оның өлімі жақында алған жасартатын екпенің салдарынан болуы мүмкін деп болжайды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 27 маусым күні түстен кейін Джаривала соңғы жылдары тұрақты түрде қолданып жүрген жасартатын екпесін алған. Сол түні кешке Мумбайдағы пәтерінде кенеттен қан қысымы түсіп, денесі дірілдей бастаған. Туыстары оны жедел түрде ауруханаға жеткізген, алайда дәрігерлер актрисаның қайтыс болғанын анықтады», – делінген басылымда.

Сондай-ақ, Джариваланың неврологиялық аурудан зардап шеккені және тиісті дәрі-дәрмек қабылдағаны белгілі. Бұған қоса, сол күні үйінде діни рәсім (пуджа) өткізуге байланысты ораза ұстаған, бұл екпені аш қарынға қабылдау салдарын күшейтіп жіберуі мүмкін.

Полиция актрисаның үйінен барлық дәрі-дәрмектерді тәркілеп, өлімді жазатайым жағдай ретінде тіркеді. Қорытынды шешім токсикологиялық сараптама нәтижелерінен кейін шығарылады.

2025 жылғы 26 маусымда 1973 жылы Стокгольмде алты күн бойы төрт адамды кепілге алып, кейін «стокгольм синдромы» түсінігінің пайда болуына себеп болған швед банк тонаушысы Кларк Улофссон қайтыс болды.