«Соңғы қоңырау емес, соңғы соққы!» — Ақмола облысында 11-сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылды!
Фото: polisia.kz

«Соңғы қоңырау емес, соңғы соққы!» — Ақмола облысында 11-сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылды!

Ақкөлде 18 жастағы жігітке мектеп бітіру кешінен кейін бірден екі белгісіз адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды Anyqtime.kz


Жәбірленушінің анасының айтуынша, оған шабуыл жасағандар мас күйінде болған ересек ер адамдар. Оқиғадан кейін жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады. Олар бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


«ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс оқиға тіркелген күні қозғалды. Қақтығысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, жауап алынды», – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Сондай-ақ департамент бұл іс бойынша оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатқанын, ал тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін қоса айтты.

Шымкент қаласында да полиция қоғамдық көлік жүргізушісін ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуде.
Оқиға 12 маусым күні "Бекжан" базары маңында болған. Жәбірленушінің айтуынша, жасөспірімдер тобы оған шабуылдаған, себебі олардың бірі жолақы төлеуден бас тартқан.