Актриса әрі продюсер Айгүл Иманбаеваның немересінің бір жасқа толған тойына Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі жұбайы Динара Абдуллина қатысып, сәбиге бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Динара Абдуллина немереге өз атынан алтын сырға мен бриллиант сыйлағанын айтып, оның отбасы үшін маңызын ерекше атап өтті.
— Бұл қыз ерекше. Айсұлудың бақытына қарай, оған бір емес – төрт ата-әже бар. Біз де құшағымызды жайып, жақсы көреміз. Қолымыздан келгенше қамқор болуға тырысамыз. Бүгінгі туған күніне алтын сырға мен бриллиант тарту еттім, – деді Динара Абдуллина.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ ұлдары Асылжан 2023 жылы алғаш рет әке атанған болатын. Бүгінде Айсұлу есімді қыздары – қос өнер иесінің алғашқы немересі.