«Дариғаны қызғанамын»: актер Рүстем Жаныаманов ашық сұхбат берді

Бүгін, 08:08 / Теңіз Тамшыбаев
Суретте Рүстем Жаныаманов пен Дариға Бадықова. Әлеуметтік желіден

Актер, режиссер әрі продюсер Рүстем Жаныаманов өнердегі серігі Дариға Бадықоваға қатысты ойын бүкпесіз айтып берді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

Журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында ол Дариғаны әріптес ретінде қызғанатынын жасырмады.

— Партнер ретінде қызғанамын. Бұл күлкілі естілсе де – шындық. Қанша дегенмен бауыр басып қаласың. Кейде «Жарайды, өзің түсір деп бұлданып қаламын». Мысалы, Олжаспен түсейін деп жатыр екенсің ғой десе, «е, жарайды енді...» деп ішімнен біртүрлі болып қаламын. Бұл – әзілмен аралас шындық, – деді актер.

Айта кетейік, Рүстем мен Дариға бірнеше ортақ жобада бірге жұмыс істеген, көрермен оларды жиі экраннан серіктес ретінде көреді.

Тэгтер:

Қызғаныш Рүстем Жаныаманов Дариға Бадықова