«10 мың жылқы, 76 тазы»: Ресейдегі ең бай қазақ туралы видео тарады

Бүгін, 08:40 / Теңіз Тамшыбаев
Суретте үйір жылқы. Дереккөзі: www.freepik.com

Әлеуметтік желілерде Ресейде тұратын ерекше ауқатты қазақ азамат туралы видео кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Бейнежазбада алтын әшекейге көмкерілген орта жастағы ер адамның қолы мен мойнында бірнеше алтын бұйымдар бар. Автордың айтуынша, ол – Совет есімді азамат, Ресейдің Орск қаласына қарасты ауылдардың бірінде тұрады. Желі қолданушылары оны "Ресейдегі ең бай қазақтардың бірі" деп таныстырып жатыр.

Таратылған ақпаратта Совет ағаның иелігінде:

Видео астындағы пікірлерде кейбір қолданушылар оны үстіндегі алтындары үшін «Алтын адам», «Ломбард» деп атап жатса, енді бірі руы – жағалбайлы екенін жазып, таныстарын іздеген.

Сондай-ақ бейнежазбадан белгілі болғандай, Совет ағайдың 70 жылдық мерейтойында қазақстандық өнерпаздар қонақта болған.

Қазіргі уақытта бұл видео түрлі платформада қызу талқыланып жатыр. Алайда аталған мәліметтерге қатысты ресми дерек жарияланған жоқ.

Тэгтер:

Ресей үйір жылқы 10 мың жылқы