Шымкентте полиция бөлімінің басшысы зорлау ісі бойынша тергеліп жатыр

30 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Суретте Қазақстан полициясы / Tengrinews.kz, Турар Казангапов

Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Жұмановқа зорлау бабы бойынша айып тағылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, майор шеніндегі басшыға қатысты арызды оның өз әріптесі түсірген. Арызда зорлық әрекеті туралы жазылып қана қоймай, жәбірленушінің жүкті екені де көрсетілген.

Қазіргі уақытта істі Шымкент қаласының Тұран аудандық полициясы тергеп жатыр. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы – «Зорлау» бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жалғасуда.

Іске қатысты ресми органдар әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.

Тэгтер:

шымкент полиция бөлімінің басшысы зорлау ісі