Мемлекет басшысының өкімімен генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ол – педагогика ғылымдарының кандидаты, әскери саланың тәжірибелі маманы.
Білімі:
И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987)
М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996)
Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Жоғары академиялық курстары (2004)
Қызмет жолы:
1987 жылдан бастап Қарулы Күштер мен ішкі әскер қатарында түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2008–2014 жылдары ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы, 2014–2021 жылдары ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы болды.
2022 жылдың қаңтарында ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2025 жылғы маусымға дейін атқарды.
Наградалары:
– І және ІІ дәрежелі Даңқ ордендері
– Түркия Қарулы Күштерінің ордені
– ҚР, КСРО және ТМД елдерінің медальдары