Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz Ақорда мәліметіне сілтеме жасап.
Өмірбаяны:
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, сондай-ақ Италиядағы Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын тәмамдаған. Мамандығы – экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолы:
- 1991–1997 жж. – Жеке коммерциялық компания басшысы
- 1997–1998 жж. – ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры
- 1998–2000 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК департамент директоры
- 2000–2002 жж. – «Қазақойл», Атырау МӨЗ – вице-президент
- 2002–2004 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» – департамент директоры
- 2004–2007 жж. – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры
- 2007–2020 жж. – «ҚазМұнайГаз» басқарушы директоры
- 2011–2014 жж. – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
- 2014–2016 жж. – Қорғаныс министрінің орынбасары
- 2017–2018 жж. – Шымкент қаласының әкімі
- 2019 жылдан – Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі
- 2021–2024 жж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.