«Отбасына қайта оралды ма?»: қыздарымен тренд түсірген Тұрсынбек Қабатов жұртты сүйсінтті
Суретте Тұрсынбек Қабатов қыздарымен билеген сәті. Бейнежазбадан кескін

«Отбасына қайта оралды ма?»: қыздарымен тренд түсірген Тұрсынбек Қабатов жұртты сүйсінтті

Соңғы уақытта отбасылық өмірі жиі талқыланып жүрген әзілкеш Тұрсынбек Қабатов желіде қыздарымен бірге бейнежазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Өнер иесінің қызы Айым Тұрсынбекқызы Instagram парақшасында әкесімен бірге билеген видеосын жариялап, желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.

Видео жариялана салысымен көпшілік Тұрсынбектің отбасымен қарым-қатынасына қатысты түрлі болжамдар жасауда. Бірі әзілкештің басқа әйелге кеткені туралы ақпаратты еске алса, енді бірі бәрі қалпына келген сияқты деген пікірде.

— «Бәрі өтірік болғаны ма, тым жақсы жүр ғой»,
— «Басқа отбасыға кетті деп еді ғой»,
— «Бақытты болыңыздаршы, ұл-қыздарыңыз да өсіп қалды»,
— «Тұрсынбектің қыздары сұлу екен», – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанова арасындағы қатынасқа байланысты түрлі қауесет тараған болатын. Алайда тараптар нақты ажырасқандары туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.