Төреғали Төреәлі өнер жолынан кететінін мәлімдеді
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі шығармашылық мансабын тоқтататынын жариялады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
«Болды. Бәрін тастаймын. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – тыныштық», – деп жазған Төреғали Төреәлі пікір қалдыру мүмкіндігін өшірген.
Осыдан кейін ол терезе алдында шай ұстап тұрған фотосуретін жариялап, оқырмандарымен ішкі ойымен бөлісті.
«Қарапайым дүниелерде терең шындық бар. Күннің иісі. Баланың күлкісі. Қара нан. Әнсіз өткен күн. Тыныш таң. Осындай сәттерде жүрек қайта тыныстайды», – деп жазды ол.
Бұған дейін желіде әншінің денсаулығына байланысты ауырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда бұл жолғы мәлімдемесінде ол сахнадан түбегейлі кету туралы шешім қабылдағанын білдірді.
Қазіргі уақытта әншінің бұл шешімі уақытша ма, әлде түбегейлі ме – бұл жөнінде ресми ақпарат берілген жоқ.