«Қолында 14 миллиард»: Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлы отау құрды
Фото: dzen.ru

«Қолында 14 миллиард»: Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлы отау құрды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлы Адам Қадыров үйленді. Салтанатты той оның ата-бабасы тұрған Ахмат-Юрт ауылында өтті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, 28 маусым күні өткен үйлену тойға Адамның жары – Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Адам Делимхановтың немересі Медни. Қалыңдық та Ахмат-Юрт ауылынан шыққан.

Той күні Шешенстанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, кортежді жол бойы күзетуге жол-патрульдік полицияның барлық күштері жұмылдырылған.

Адам Қадыровтың үйленгенін оның әкесі Рамзан Қадыров Telegram арнасында растады. Ол бұл қуанышты оқиға алдында Ресей президенті Владимир Путин ұлына жеке құттықтау жолдағанын жазды. Қадыров Путинге алғыс білдіре отырып, Адам Қадыровтың Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересі екенін ерекше атап өтті.

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарап, жас жұбайдың қолында бағалы сағат болғаны байқалған. Сарапшылар бұл Jacob & Co. брендінің Billionaire ASHOKA моделі екенін айтып отыр. 320 бриллиантпен көмкерілген бұл сағаттың құны – 27,7 миллион доллар немесе қазіргі бағаммен шамамен 14,3 миллиард теңге.

Фото: @nexta_live

Айта кетейік, Ресей заңнамасы бойынша некеге тұру жасы 18 жас деп белгіленген. Дегенмен, ерекше жағдайларда 16 жастан бастап жергілікті өзін өзі басқару органдарының рұқсатымен некеге тұруға болады.