Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото: Olympic.kz

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме беріп.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстан спортшысы Алмаз Орозбековпен жұдырықтасқан Жүсіповтің жарақаты қайта қозып, жекпе-жек дәрігердің шешімімен тоқтатылды. Осылайша, қарсылас келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін Қазақстан атынан Назым Қызайбай мен Анель Сағыш өз жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын. Ал кешкі бағдарламада Виктория Графеева мен Наталья Богданова рингке шығуы тиіс.

Айта кетейік, World Boxing Халықаралық федерациясы ұйымдастырып жатқан Әлем кубогы Астанада өтіп жатыр. Турнир 6 шілдеде мәресіне жетеді.