Қайғылы жаңалық: Ақмолада жоғалған 6 жасар баланың денесі өзеннен табылды

11 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
alash.kz

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалып кеткен 6 жастағы баланың мәйіті табылды. Бұл жайлы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Төтенше жағдай 30 сәуір күні тіркелген. Қорғалжын ауданындағы ата-анасы баласының із-түзсіз жоғалғанын хабарлап, сол күннен бастап жедел іздестіру жұмыстары басталған болатын.

10 мамыр күні баланың денесі Нұра өзенінен табылды.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен қатар, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Он күн бойы тынымсыз жүргізілген іздеу нәтижесінде, өкінішке қарай, бала аман табылмады.

Полицияның мәліметінше, осы оқиғаға байланысты бірден қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл жайт қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Әлеуметтік желіде көпшілік отбасына көңіл айтып, жауапты мекемелерден балалар қауіпсіздігін күшейтуге шақырып жатыр.

Тэгтер:

Ақмола жоғалған 6 жасар бала