Түркістан облысында жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.
Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, шенеунік Түркістан қаласының тұрғынынан жер телімдеріне мемлекеттік актілерді рәсімдеуге көмектескені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінген.
«Соттың санкциясымен күдікті 2025 жылғы 28 маусымда қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейді», – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін де Антикоррупциялық қызмет Алматы облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының 750 миллион теңгеден астам қаражатқа қатысты жер қатынастары саласындағы алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеген болатын.