«Мөлдір өзіндік болмысын жоғалтқан»: Айнұр жұлдызды жұптың тағдырын саралады
Суретте Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанова. Әлеуметтік желіден

«Мөлдір өзіндік болмысын жоғалтқан»: Айнұр жұлдызды жұптың тағдырын саралады

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанова туралы желідегі әңгіме әлі толастар емес. Жақында танымал нумеролог Айнұр бұл жұлдызды жұптың қарым-қатынасына қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Маманның айтуынша, Мөлдір Мұқанова – өз өмірін күйеуіне арнап, өзіндік болмысын жоғалтқан әйелдердің бірі.

– Бұл – өкінішке қарай, көптеген әйелдердің тағдырына айналған жағдай. Мұндай ішкі күйзеліс кейде әйелді өмірін қайта құруға итермелейді. Алдымен өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда ғана әлем де сізді сүйе бастайды, – деді нумеролог Айнұр.

Бұл пікір көпшіліктің назарына бірден ілігіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбірі оны орынды пікір десе, енді бірі оның сөзін шектен шыққан араласу деп бағалады.

– «Сіздер неге біреудің отбасына араласасыздар? Ол сізден кеңес сұрады ма?», – десе, тағы бір қолданушы:
– «Мен Қызылорданың қызымын ғой, бұл әңгімені баяғыда, 10 жыл бұрын естігенмін», – деп жазды.

Басқалары Қабатовтың танымалдығы мен оның отбасылық өміріндегі жағдайды салыстыра келіп, әртүрлі ой айтты:

– «Қабатов – өзінің талантымен шыққан бренд. Ол болмаса, Мөлдірді білмес едік»,
– «20 жыл – аз уақыт емес. Бәрібір өкінеді. Балалар түгел әкесіне тартқан»,
– «Еркекке жастық болам десең, аяғыңмен сүртіп кетеді. Бәрін ұмытып кетеді»,
– «Еркекті сүй, түсін, сатқындық жасама – сонда ол саған қандай ақымақ болғаныңды көрсетеді», – деген пікірлер қалдырған.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жас әйелмен көңіл жарастырғаны туралы қауесет те қызу талқыда қалып отыр. Ал жұлдызды жұптың өзі бұл мәселеге қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ.