Терезеден құлаған Ақнәрдің өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Бүгін, 07:57 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Коллаж Anyqtime.kz

Ақнәр Гүлстанның жұмбақ өліміне қатысты тың дерек шықты. Танымал блогер Жан Ахмадиев марқұмның терезеден құлаған сәтінің бейнежазбасына сараптама жасатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық порталы.

Блогердің айтуынша, бейнематериал Қытай полициясында қызмет ететін маманға көрсетілген. Инфрақызыл жарықпен жасалған талдау нәтижесінде Ақнәрдің артында бір бойжеткеннің тұрғаны анық көрінген.

"Жаңа видеожазбалар мен сараптамалар Рано мен Дидарға деген күдікті күшейтті. Ақнәрді біреу итеріп жібергені инфрақызыл талдауда нақты байқалады. Бұл енді жорамал емес, шындыққа жақын дәлел. Рано мен Дидар, әлі де кеш емес. Анасының алдында тізе бүгіп, кешірім сұраңдар. Ақнәрдің рухы тынышталсын", – деді Жан Ахмадиев өз парақшасында.

Айта кетейік, бұл дерек әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік әділ тергеу мен кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде.

Тэгтер:

Ақнәр Ақнәр Хамитова Ақнәр өлімі Ақнәр ісі Ақнәр Гүлстан Жан Ахмадиев терезеден құлаған жұмбақ өлім Инфрақызыл жарық