«Қыз кетем деп тұрса, ұстама»: Дәнекер Оразбай қызын ұзатқан сәтте көз жасын тыя алмады

Бүгін, 10:36 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: Sn.kz

Әзіл әлемінде «Нысана» театры арқылы көпке танылған актер әрі әзілкеш Дәнекер Оразбай жақында қызын ұзатты. Қуанышқа толы бұл сәттің әсерлі көріністері әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәнекер Оразбайдың өзі жариялаған видеода қызына ақ батасын беріп тұрған сәті бейнеленген. Алғашында «қызымды ұзатқанда жыламаймын» деп өзін ұстап тұрған өнер иесі, қоштасу кезінде көз жасына ерік берді. «Кішкентай қыз ғой әлі... 1 жыл күтсе болар еді ғой», – деп жан тебіренісін жасыра алмады.

Осы бір әкелік толқыныс желі қолданушыларының да жүрегін елжіретіп, түрлі пікір жаздырды. Бірі: «Қыз берген оңай ма?», «Қызыңның жүрегін ауыртпа, қыз жат жұрттық қой» десе, енді бірі: «Өзің де біреудің кішкентай қызын алдың ғой» деп еске салды.

Желіде қызын ұзатып тұрған әке мен болашаққа қадам басқан бойжеткеннің бейнесі көптің жүрегінен орын тапты. Көпшілік бұл сәтті – әкенің махаббаты мен қимастығының шынайы көрінісі деп бағалап жатыр.

Тэгтер:

Дәнекер Оразбай қыз ұзату «Нысана» театры