Қайғылы оқиға: 8 жасар қызды КамАЗ жүк көлігі қағып мерт болды
Бішкек қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 8 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті. Қайғылы оқиға 28 маусымда "Ак-Ордо-3" ықшамауданында болған, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.
Ресми деректерге сүйенсек, кешкі сағат 20:00 шамасында КамАЗ көлігінің 1984 жылы туған жүргізушісі Н.М.У. оңға бұрыла бергенде, жаяу жүргіншілер жолымен велосипедпен өтіп бара жатқан 2017 жылы туған Ч.А.Ч. есімді кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.
Ауыр дене жарақатын алған бүлдіршін оқиға орнында көз жұмған.
Қырғызстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, «Автокөлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.