Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасов қамауға алынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымындағы лауазымды тұлға – Ақмәди Сарбасов қамауға алынды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Todayinfo сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Ақмәди Сарбасов «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы қызметін атқарған кезінде ұсталған. Министрлік тергеу ісіне қатысты тиісті органдарға қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Алайда нақты қандай бап бойынша іс қозғалғаны әзірге белгісіз.
«Тергеу барысына қатысты барлық сұрақтар уәкілетті органдар құзыретінде», – деп қысқа қайырды ведомство.
Ақмәди Сарбасов 2005 жылдан бері еңбек саласында түрлі лауазымда қызмет атқарған. Ол вице-министр деңгейіне дейін көтеріліп, 2025 жылы ведомствога қарасты орталықтың жетекшісі ретінде тағайындалған болатын.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.