Токио көшесінде домбыра шертіп, күй орындаған жапон жігітінің өнері қазақстандықтарды тәнті етті
stan.kz

Токио көшесінде домбыра шертіп, күй орындаған жапон жігітінің өнері қазақстандықтарды тәнті етті

Жапония астанасы Токиода домбыра шертіп тұрған жапон жігітінің видеосы әлеуметтік желіде тарап, отандастарымыздың зор қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ерекше сәтті кездейсоқ байқап қалған қазақстандық азамат видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

«Көшеде келе жатып, домбыраның үнін естідім! Мұндай сәтті түсімде көрсем де сенбес едім», – дейді бейнежазбаны түсіріп, жариялаған eleke_01 атты желі қолданушысы.

Домбыра тартып тұрған жапон музыкантына жақындап барып, оның бұл аспапты қайдан үйренгенін сұрағанда, ол алғаш рет домбыраны Ыстамбұлда қазақ азаматы арқылы танығанын айтқан. Кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқыған Тұрысбек есімді маманнан тәлім алып, әрі қарай нотамен өз бетімен жаттыққан.

Қазақтың төл аспабын шебер меңгеріп, шетелде көпшілік алдында орындаған өнер иесінің таланты желі қолданушылары арасында жоғары бағаға ие болды. Көпшілік бұл жайтты қазақ мәдениетінің халықаралық деңгейде таралуының бір айғағы ретінде қабылдап отыр.