Сумен қамтуды жақсартуға 188 миллиард теңге бөлінді

1 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: UKIMET телеграм арнасы

Қазақстанда қалалар мен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыс жалғасуда. Биыл осы мақсатқа республикалық бюджет пен Арнаулы қор есебінен 188 миллиард теңге бөлініп, 445 жобаны іске асыру қолға алынған, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Бағдарлама аясында су құбыры желілерін жаңарту, кеңейту және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ел бойынша 8,5 мың шақырымнан астам су жүйесі қайта жаңартылып, бірқатар ірі қалада су тазарту құрылыстары жаңғыртылған. Бұл жұмыстар ауыз су сапасын арттыруға және тапшылық мәселесін шешуге бағытталған.

Мәселен, Астанада құны 118 миллиард теңге болатын су сорғы-фильтр стансасы салынып, магистралдық су құбыры жаңартылды. Атырауда 17 миллиард теңгеге сүзгі стансасы қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Қостанай мен Көкшетаудағы су тазарту нысандарында да жұмыс аяқталуға таяу.

Мамандардың айтуынша, бұл жобалар елдің ауыз су қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға серпін береді.

Тэгтер:

Сумен қамту 188 миллиард теңге ауыз сумен қамтамасыз ету 445 жоба