Абай облысы әкімінің орынбасары не себепті демала алмайтынын айтты
Суретте Қуаныш Сүлейменов үй әктеп жатқан сәт. Фейсбук әлеуметтік желісінен

Абай облысы әкімінің орынбасары не себепті демала алмайтынын айтты

Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов ресми демалыста жүрсе де қарап жатпағанын айтып, Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Ол демалыстың алғашқы күндері-ақ күш-қуаты қалпына келіп, бірден жұмыс істегісі келіп кеткенін жеткізді. Бала күнінен еңбекке үйренгендіктен, демалудың өзі қиын екенін жазды.

"Сөйтсем, мен ұзақ демалуды мүлде білмейді екенмін ғой. Қазір ресми түрде демалыста болсам да, жаным тыныш таппай жүр! Күш-қуат екі-ақ күнде қалпына келді, ойым да сергиді. Содан кейін бірден жұмыс істегім келіп кетті!" – деп жазды ол.

Шенеунік апта бойы үйдегі жөндеу жұмыстарымен айналысқанын, өз қолымен әктеп, сырлағанын атап өтті.

"Бала күнімізден еңбекке баулындық, ал демалуды ешкім үйретпепті. Содан болар, апта бойы қарап жатпай, біресе әктеп, біресе сырлап, бірдеңемен айналысып, маңдай терімізді төгіп жүрдік", – деді Сүлейменов.

Сондай-ақ ол ертең көлікпен ел аралап, кең далада серуендеп қайтатынын жазды.

"Ертең көлікке отырып, ел аралап кетемін – кең даланың самалын жұтып, жанымды сергітіп қайтамын. Достар, бәрімізге де жақсы демалыс болсын!" – деп түйіндеді жазбасын.