Қарағанды облысында 23 жастағы қыздың зорланғаны туралы шағым негізінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Алғашында сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған. Алайда прокуратура бұл шешімге қарсы апелляциялық өтініш беріп, нәтижесінде күдікті қамауға алынғаны хабарланды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Полиция департаменті тергеу құпиялығына байланысты басқа деректерді жарияламай отыр.
Әлеуметтік желілерде күдіктінің мемлекеттік қызметкер, нақтырақ айтқанда ауыл әкімі болғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Шет ауданы әкімдігі түсініктеме берді.
«Қылмыстық іс қозғалған уақытта аталған азамат әкім лауазымын атқармаған. Бұл жеке сипаттағы оқиға», – делінген аудан әкімдігінің ресми мәлімдемесінде.
Telegram-дағы "Патриот" арнасында зардап шеккен қыздың ата-анасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті мен олардың отбасы аралас-құралас болған. Ал жәбірленуші қыз сол азамат басшылық ететін әкімдікте қызмет атқарған.
Осы іс бойынша тың ақпарат жарияланды: "Дипломмен – ауылға" бағдарламасымен барған қызды зорлады деген күдікпен ауыл әкімі қамауға алынды