Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
2025 жылдың тамызында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді — бір айда барлығы 10 күн тынығады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Бес күндік жұмыс тәртібімен еңбек ететін азаматтар үшін 21 жұмыс күні мен 10 демалыс күні белгіленген. Ерекше демалыс күндерінің бірі – 30 тамыздағы Конституция күні.
Биыл ұлттық мереке сенбіге дөп келіп тұрғандықтан, оған қосымша ретінде дүйсенбі — 1 қыркүйек демалыс күні ретінде жарияланады. Осылайша, жұртшылық үш күн қатарынан: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте тынығуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған болатын. Бұл құжат – елдің құқықтық негізі болып табылады. Барлық заңдар мен қаулылар, сондай-ақ халықаралық шарттар осы Негізгі заңға сәйкес келуі тиіс.