Қазақстан халқының нақты саны жарияланды

1 шілде, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: Advantour.kz

2025 жылғы 1 шілдеде Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Бюроның Telegram-арнасында жарияланған статистикалық деректерге сәйкес:

"2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамды құрады."

Бюроның ақпараты бойынша, жыл басынан бері халық саны 87,2 мың адамға артқан, оның ішінде:

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздің жеті өңірінде халық саны 1 миллион адамнан асқан:

Алматы қаласы – 2 314 929 адам

Түркістан облысы – 2 150 992 адам

Алматы облысы – 1 575 657 адам

Астана қаласы – 1 566 566 адам

Шымкент қаласы – 1 274 296 адам

Жамбыл облысы – 1 220 481 адам

Қарағанды облысы – 1 133 068 адам

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің орташа жасы туралы да мәлімет берген болатын.

Тэгтер:

Астана Алматы Түркістан Ұлттық статистика бюросы миллион