Ғылым және жоғары білім министрлігі грант туралы маңызды ақпаратпен абитуриенттерге хабарлама жасады.
Фото: korrespondent.net

Ғылым және жоғары білім министрлігі грант туралы маңызды ақпаратпен абитуриенттерге хабарлама жасады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы 1 шілдеде еліміздің жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына құжат қабылдау басталғаны туралы хабарлады, деп жазады Anyqtime.kz.

Ресми сайттда абитуриенттерге маңызды ақпарат жарияланды.

«2025 жылдың 13-20 шілде аралығында білім гранттары мен ақылы негізде оқуға конкурсқа қатысуға өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсырса болады», – делінген хабарламада.


Гранттар конкурсына қатысу және ақылы оқу үшін төмендегідей ЕНТ баллдары белгіленген:

  • «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша кемінде 75 балл,
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кемінде 70 балл,ұлттық университеттерге түсу үшін – кемінде 65 балл, басқа оқу орындарына – кемінде 50 балл,
  • Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне – кемінде 50 балл.

Министрлік атап өткендей, университеттер білім гранттары мен ақылы оқу конкурсына қатысу үшін өздерінің минималды балл шектерін өз бетімен белгілей алады.

2025 жылғы қабылдаудың ерекшеліктері:

  • «Цифрлық университет» принципі іске асырылуда, көп процестер автоматтандырылған, бұл конкурс іріктеуін ашық етеді.
  • Техникалық және IT бағыттары бойынша, оның ішінде цифрлық экономика кадрларын даярлауда қосымша гранттар бөлінді.
  • Ауыл мектептері түлектеріне квоталар қарастырылған.
  • Әлеуметтік осал топтардан шыққан абитуриенттер мемлекеттік және мақсатты гранттар арқылы қолдау алады.

«Министрлік түлектерді электрондық қызметтерді белсенді пайдалануға, қабылдау ережелерімен, қажетті құжаттар тізімі мен құжат тапсыру мерзімдерімен мұқият танысуға шақырады», – деп хабарланды абитуриенттерге арналған үндеуде.

Қосымша ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында қолжетімді.