Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы 1 шілдеде еліміздің жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына құжат қабылдау басталғаны туралы хабарлады, деп жазады Anyqtime.kz.
Ресми сайттда абитуриенттерге маңызды ақпарат жарияланды.
«2025 жылдың 13-20 шілде аралығында білім гранттары мен ақылы негізде оқуға конкурсқа қатысуға өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсырса болады», – делінген хабарламада.
Гранттар конкурсына қатысу және ақылы оқу үшін төмендегідей ЕНТ баллдары белгіленген:
- «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша кемінде 75 балл,
- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кемінде 70 балл,ұлттық университеттерге түсу үшін – кемінде 65 балл, басқа оқу орындарына – кемінде 50 балл,
- Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне – кемінде 50 балл.
Министрлік атап өткендей, университеттер білім гранттары мен ақылы оқу конкурсына қатысу үшін өздерінің минималды балл шектерін өз бетімен белгілей алады.
2025 жылғы қабылдаудың ерекшеліктері:
- «Цифрлық университет» принципі іске асырылуда, көп процестер автоматтандырылған, бұл конкурс іріктеуін ашық етеді.
- Техникалық және IT бағыттары бойынша, оның ішінде цифрлық экономика кадрларын даярлауда қосымша гранттар бөлінді.
- Ауыл мектептері түлектеріне квоталар қарастырылған.
- Әлеуметтік осал топтардан шыққан абитуриенттер мемлекеттік және мақсатты гранттар арқылы қолдау алады.
«Министрлік түлектерді электрондық қызметтерді белсенді пайдалануға, қабылдау ережелерімен, қажетті құжаттар тізімі мен құжат тапсыру мерзімдерімен мұқият танысуға шақырады», – деп хабарланды абитуриенттерге арналған үндеуде.
Қосымша ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында қолжетімді.