Атырау облысында аңшылық маусымы ресми түрде ашылды
Фото: жасанды интелект

Атырау облысында аңшылық маусымы ресми түрде ашылды

Атырау облысында 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап аңшылық маусымы ресми түрде басталды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы бекіткен №41-НҚ бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Аңшылық тек арнайы бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ғана жүргізіледі. Атап айтқанда, «Құрманғазы», «Исатай», «Жылыой» алқаптары – облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына, ал «Қызылқоға» аңшылық алқабы – Astau LLP ЖШС-не тиесілі.

Жануарлар мен құстарға аңшылық жүргізу мерзімдері мынадай:

Бекас – 1 шілде–30 қараша

Көгершін – 20 тамыз–30 қараша

Жанат тәрізді ит – 1 қыркүйек 2025 – 15 ақпан 2026

Түлкі – 1 қараша 2025 – 15 ақпан 2026

Қоян – 1 қараша 2025 – 31 қаңтар 2026

Қабан – 6 қыркүйек – 31 желтоқсан

Борсық – 1 қыркүйек – 15 желтоқсан

Суда жүзетін құстар (үйрек, қаз) – 15 қыркүйек – 15 желтоқсан

Қырғауыл – 6 қыркүйек – 30 қараша

Аң аулауға ниетті азаматтар ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңы мен ауыл шаруашылығы министрлігінің аңшылық ережелерін сақтауы тиіс. Рұқсаттар тек көрсетілген аңшылық шаруашылықтарының иелері арқылы беріледі. Резервтік қор жерлерінде немесе рұқсат етілмеген аумақтарда аң аулауға қатаң тыйым салынған.