Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова заңгер атанды
Қазақстанның танымал дзюдошысы, халықаралық жарыстардың жүлдегері Әбиба Әбужақынова жоғары оқу орнын тәмамдап, қолына диплом алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Сүйінші жаңалықты Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, Әбиба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік бітірген.
48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері атанған, Азия чемпионатының күміс иегері және 2025 жылы Аустрияның Линц қаласында өткен Grand Prix турнирінің жеңімпазы атанған спортшы енді кәсіби заңгер атанды.
Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген Әбибаға сәттілік тілейміз!