«Жүкті сияқтысыз»: Жазира Байырбекова оқырмандарына сүйінші жаңалығын жеткізді

2 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Бейнежазбадан кескін

Белгілі әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында тыңдармандарына тосын жаңалығын бөлісті. Ол көп ұзамай жаңа ән шығатынын айтып, жанкүйерлерінен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, көптен күткен "Жақында… Жаныңдамын — деп сыбырлайтын ән" жарыққа шықпақ. Ол бұл туындыны «жүрекке жылы, жанға жақын, сағындырған» әуен деп сипаттап, ән тыңдаған сәтте әркім өз жүрегіндегі жанды есіне алатынына сенімді.

"Сіз үшін, сіздің жүрегіңіз үшін. Осы әнді естігенде ойыңызға кім келеді? Кім жаныңызда болғанда – бәрі мәнді, бәрі тәтті? Ол адамды белгілеп кетіңіз... Бәлкім, бұл ән екеуіңізге арналар...", – деп жазды Жазира.

Желі қолданушылары жазбаның астына бірден пікірлерін жаудырып, әншінің бейнежазбадағы келбетіне қарап: "Жүкті сияқтысыз", "Қуанышты жаңалық па?" деген сияқты болжауларын жарыса жазуда. Алайда әнші әзірге бұл пікірлерге жауап қатпады.

Тэгтер:

әнші Жазира Байырбекова жаңа ән