Мбаппенің хет-тригі «Реалды» құтқара алмады — «Барселона» 4:3 есебімен басым түсті
https://www.championat.com

Мбаппенің хет-тригі «Реалды» құтқара алмады — «Барселона» 4:3 есебімен басым түсті

2024/2025 жылғы маусымның Ла Лигасындағы 35-тур матчы аяқталды. Бұл турда каталониялық «Барселона» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдады. Ойын Барселонадағы «Олимпик Льюис Компанис» стадионында өтті. Кездесуді бас төреші Алехандро Эрнандес жүргізді. Матч 4:3 есебімен алаң иелерінің — «Барселонаның» пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Ойынның 5-минутында «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты. 14-минутта ол тағы бір гол салып, дубль авторы атанды. Алайда көп ұзамай «Барселона» есепті қысқартты — 22-минутта қорғаушы Эрик Гарсия мергендігімен көзге түсті. 32-минутта Ламин Ямаль есепті теңестірсе, 34-минутта Рафинья каталондықтарды алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Рафинья тағы бір гол соғып, өз дублін тіркеді. 70-минутта Мбаппе өзінің үшінші голын соғып, хет-трик жасады, бірақ бұл «Реалды» жеңілістен құтқара алмады.

Осы турдан кейін «Барселона» 35 ойыннан кейін 82 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Реал» 75 ұпаймен екінші орында келеді.