Астаналық әйел білім беру гранттарын "сату" арқылы миллионер атанды
Астанада бір әйел делдалдар арқылы мемлекеттік грант алуға көмектесе алатынын айтып, адамдарды алдаған, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушілер күдіктіні таныстары арқылы тапқан. Сенімді теріс пайдаланып, ол ондаған адамды алдап соққан. Қазіргі таңда 22 факт анықталып, келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асып кеткен.
«Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 36 жастағы күдіктіні анықтады», – деп хабарлады полиция 2025 жылғы 2 шілдеде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.
2025 жылғы 1 шілдеде Астана полициясы тағы бір әйелдің ұсталғанын хабарлады – ол жалған пәтер жалдау хабарландырулары арқылы ақша таппақ болған.