Магнитудасы – 4,8 балл: Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
12 мамыр күні таңғы уақытта Алматыға жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми орталығы хабарлады.
Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен таңғы 06:33-те тіркелген. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың магнитудасы – 4,8, ал тереңдігі 10 шақырым болды.
Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісі сезілмеген. Алайда Қырғызстандағы бірнеше ауылда дүмпу байқалған. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты хабарлады.

Атап айтқанда:
Джаны-Талап, Ак-Кыя, Көк-Жар ауылдарында – 3,5 балл
Кыдыралы, Сары-Иймек, Байченчек ауылдарында – 3 балл шамасында сезілген.
Сейсмологтардың мәліметіне сәйкес, зілзаланың энергетикалық класы 10,4 деңгейінде болған.
Айта кетейік, 10 мамыр кешінде Алматы қаласы мен Алматы облысында да әлсіз жер сілкінісі тіркелген. Сол кезде де эпицентр көршілес Қырғызстан аумағында болған. Мамандар бұл дүмпудің Алматыда 2 балл шамасында сезілгенін хабарлаған еді.