Азия елдерін біріктірген ұйымның бас штабы енді Астанада
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Азия елдерін біріктірген ұйымның бас штабы енді Астанада

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) жаңа штаб-пәтерінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Мемлекет басшысы мен АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай ғимараттың естелік тақтасын ашып, ұйымның туы ресми түрде көтерілді. Президент штаб-пәтерді аралап, жұмыс кабинеттерін, аудармашылар кеңсесін, ашық жұмыс аймағын көріп шықты.

АӨСШК— Азия құрлығы мемлекеттерінің қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған диалог алаңы. Ұйым Азия мен Еуразия елдері арасындағы сенім мен ынтымақтастықты арттыруды мақсат етеді.

Айта кетейік, осы күні Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтіп, ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері талқыланды.