3 шілде, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың көп өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні күшейіп, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстік пен шығыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Ал еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында ғана күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады деп болжануда.
Сонымен қатар, бірқатар облыстарда өрт қаупінің жоғары әрі төтенше деңгейі сақталып отыр:
Жоғары өрт қаупі – Абай, Атырау, Павлодар, СҚО, ШҚО, Ақтөбе, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының кейбір аумақтарында;
Төтенше өрт қаупі – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарының жекелеген аудандарында.
Мамандар тұрғындарды барынша сақ болуға, ауа райының тосын мінезіне дайын жүруге шақырады. Сонымен бірге, орман мен дала алқаптарында от жағудан, отын қалдықтарын тастаудан аулақ болу қажет.