Шри-Ланкада таулы жолда автобус аударылып, 21 адам көз жұмды
Шри-Ланканың орталық бөлігінде орын алған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 адам өмірімен қоштасты. Тағы 35 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы MADENIPORTAL.KZ мәлімдеді.
Қайғылы оқиға елдің таулы аймағында тіркелген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған автобус мемлекеттік мекемеге тиесілі болған. Зардап шеккендер қатарында көлік жүргізушісі де бар екені айтылды.
Полиция мен төтенше жағдай қызметі оқиға орнына дереу жетіп, құтқару жұмыстарын жүргізген.
Сарапшылардың пікірінше, Шри-Ланкадағы таулы өңірлерде жолдар өте тар әрі сапасыз, бұл аймақтарда қозғалысқа жоғары қауіп тән. Жергілікті билік жол-көлік оқиғасының нақты себебін анықтау үшін тергеу басталғанын хабарлады.