Крит аралында алапат өрт: 5 мың турист эвакуацияланды
Фото: ΙΝΤΙΜΕ

Крит аралында алапат өрт: 5 мың турист эвакуацияланды

Крит аралында басталған ауқымды орман өрті салдарынан шамамен 5 мың турист шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Anyqtime.kz  тілшісі Kathimerini басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына 230-дан астам өрт сөндіруші, арнайы техника мен тікұшақтар жұмылдырылды. Алайда өрттің тез таралуы мен таулы аймақта орналасуы сөндіру жұмысын қиындатып отыр. Қазіргі уақытта адамдардың қаза тапқаны немесе зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.

Өртпен күресу үшін Грекия полициясы мен жағалау күзетінің қосымша күштері апат аймағына жіберілді. «Бұл өте күрделі өрт, әлі толық сөндірілген жоқ», – деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметінің өкілі.

Айта кетейік, Грекия жаз мезгілінде орман өрттеріне жиі тап болады. Соңғы жылдары климаттың өзгеруі бұл жағдайды ушықтырып, алапат өрттердің жиілеуіне себеп болып отыр.