"Қазақ тілін жетік білмейді": Меруерт Түсіпбаева Баянның жобаларына қарсы шықты

3 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Суретте Меруерт Түсіпбаева. Ашық дереккөзі

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева белгілі продюсер Баян Алагөзованың қазақ эпосына негізделген жобалармен айналысуына қарсылық білдірді. Ол бұл пікірін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ашық жазған, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесінің айтуынша, Алагөзованың қазақ тілін жетік меңгермеуі және ұлттық салт-дәстүрді толық түсінбеуі — тарихи және рухани маңызы зор туындыларды жасауға кедергі болуы мүмкін.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді мәдени мұраларға тек тіл мен дәстүрді терең білетін, кәсіби мамандар қатысуы тиіс», – деп жазды Түсіпбаева.

Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бір тобы әншінің ойын қолдап, қазақ мәдениетін сақтауға үн қосса, енді бірі мұндай ашық сын қоғамда кері реакция тудыратынын алға тартты.

Тэгтер:

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова қазақ эпосына негізделген жобалар