«Брат или брак» фильмімен танылған Құралай тұрмысқа шықты
Қазақстандық актриса, продюсер әрі Corich Group компаниясының негізін қалаушы Құралай Анарбекова тұрмысқа шықты. Бұл жаңалықты танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық порталы.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!» – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, Құралай Анарбекова – отандық кино индустриясына елеулі үлес қосқан продюсер. Ол қалың көрерменнің сүйікті туындысына айналған «Брат или брак» комедиясының продюсері ретінде танымал.
Актрисаның жеке өміріндегі бұл қуанышты жаңалығы желі қолданушылары арасында жылы пікір мен құттықтауларға толы болды.