Ливерпульдің сұрмергені мен інісі жол апатында қаза тапты
Португалиялық танымал футболшы Диогу Жота 28 жасында жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға Испанияда орын алған. Бұл туралы Ливерпуль клубы ресми мәлімдеді. Апат кезінде футболшының туған інісі Андре де Жота да қаза болған, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық порталы
Диогу Жота кәсіби мансабын «Пасуш де Феррейра» клубынан бастаған. Кейін «Атлетико Мадрид» құрамына өтіп, «Порту» мен «Вулверхэмптонда» жалға ойнады. «Вулверхэмптонмен» Премьер-лигаға жолдама алып, 2020 жылы «Ливерпульге» ауысты. Англиялық алпауыт клуб сапында Жота маңызды ойындарда гол соғып, Премьер-лига мен Англия Кубогы сынды бірқатар жарыста жеңіске жетуге көмектесті.
Халықаралық аренада Жота Португалия құрамасында 50-ге жуық ойын өткізіп, 2019 және 2025 жылдары UEFA Ұлттар Лигасын жеңіп алған құрамның мүшесі болды.
Футбол әлемі жас шабуылшының мезгілсіз қазасына байланысты терең қайғырып, оның отбасына көңіл айтуда.