Ауа райы күрт ысып, 48°C-қа дейін көтеріледі
Фото: Ашық дереккөзі

Ауа райы күрт ысып, 48°C-қа дейін көтеріледі

Қазгидромет 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер еліміздің оңтүстігі мен шығысында күн қатты ысиды деп ескертуде, Anyqtime.kz ақпараттық порталы.

Ең жоғары температура Түркістанда тіркелмек – +46...+48°C. Шымкентте де +41...+43°C ыстық болады. Алматы мен Конаевта +37...+39°C, Таразда +40...+42°C аралығында. Қызылордада күн +44...+46°C-қа дейін жетеді.

Астанада ауа райы күрделі болады: жаңбыр, найзағай, жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Дегенмен күндізгі температура +33...+35°C шамасында сақталады.

Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі: Көкшетау, Петропавл, Қостанай және Оралда күн салқындап, +20...+29°C аралығында болады.

Синоптиктер жел күшейіп, өрт қаупі жоғары болатын аймақтарда сақ болуға шақырады.