Нағима Есқалиеваның «күйеуді бөлісу» жайлы сөзі көпшілікті шулатты

12 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
gck.by

Танымал әнші Нағима Есқалиева бір сұхбат барысында айтқан қалжыңы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды Anyqtime.kz Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Сахна саңлағы:

«Мен бұл мәселені Парламентте көтергім келеді. Әйелдер өздерінің күйеулерімен бөлісу керек. 43 жыл бойы бір адамды "менікі" деп жату – тым артық», – деп әзілдеп өткен.

Желі қолданушылары бұл сөздерді әртүрлі қабылдады. Кейбірі Есқалиеваның сөзін қалжың деп қабылдаса, енді бірі — тым шектен шыққан мәлімдеме деп есептейді.

Пікір білдірушілер арасында:
– «Бәлкім, өзіне де біреудің күйеуі керек болған шығар»
– «Жәй әзілі ғой, артық кетпейік»
– «Мұндай қалжыңмен күлдіремін деу – бекер»
– «Жасы келіп, не айтып жатқанын білмей қалған-ау» деген сынды көзқарастар айтылды.

Нағима Есқалиева бұл айтқанын әзіл ретінде жеткізгенімен, әлеуметтік желідегі шу сөздің салмағы мен маңызын арттыра түсті.

Тэгтер:

Нағима Есқалиева Әйел күйеу