Ядролық қақтығыс па, келісім бе? Тегеран таңдауы қандай?
Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) адал екенін және Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық порталы.
Аббас Арагчидің айтуынша, Тегеран мен агенттік арасындағы байланыс Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі арқылы жүзеге асады. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке қатысты себептермен қабылданған шешім.
Арагчи Иран бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын ашық көрсетуге бағытталған кепілдіктер келісімін ұстанатынын растады.
Алайда соңғы апталарда Иран мен МАГАТЭ арасындағы қатынас шиеленісе түскен. Маусым айында Тегеран агенттікті елдің ядролық нысандарына жасалған АҚШ шабуылдарына қатысты әрекетсіз қалды деп айыптаған.
28 маусымда Иран парламенті МАГАТЭ-мен әріптестікті тоқтату туралы заң жобасын мақұлдап, келесі күні оны Конституциялық қадағалау кеңесі бекітті. Осыдан кейін вице-спикер Хамид-Реза Хаджи Бабаи агенттікке Иран ядролық нысандарына қол жеткізуге және бақылау камераларын орнатуға рұқсат берілмейтінін мәлімдеген еді.