«10 жасар қыз көз жұмды»: Баяу әсер ететін бұл зат әр үйде бар, сақ болыңыз!
Фото: ru.freepik.com

«10 жасар қыз көз жұмды»: Баяу әсер ететін бұл зат әр үйде бар, сақ болыңыз!

Жазда масадан қорғану үшін қолданыла салатын химиялық спрейлердің кейде өмірге қауіп төндіретіні анықталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық порталы.

Editor.az-дың айтуынша, Ресейде 10 жастағы қыз дәл осындай құралдан уланып, көз жұмған. Ол алдымен дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып ауруханаға түскен. Бірақ дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Педиатр Айтен Исмайылзаденің айтуынша, масаға қарсы қолданылатын химиялық дәрілер адам ағзасын бірден емес, біртіндеп улайды.

"Бұл дәрілер мидың жасушаларын зақымдап, созылмалы улануға алып келеді. Көп адам бұл құралды бөлмеде қосып қойып, өзі сол жерде тұрып жатады. Улы түтіннің әсерінен тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесі зақымдануы мүмкін", – дейді маман.

Оның сөзіне сенсек, мұндай заттар көбіне өліммен аяқталатын ауыр зардаптарға соқтырады. Сондықтан дәрігер масадан гөрі химиялық препараттан сақтануға кеңес береді.

"Қарапайым маса шаққаннан көрі, осындай спрейлердің зардабы әлдеқайда қауіпті", – дейді Айтен Исмайылзаде.

Маман адамдарды мұндай құралдарды қолданбауға, табиғи әрі зиянсыз тәсілдерді іздеуге шақырады.