1 шырпыны ғана қозғап, есептің дұрыс шешімін таба аласыз ба?
Адам баласы бір сәтте бәрін ұғынып, бәрін шеше алатын деңгейге қалай жетеді? Жауап қарапайым: жаттығу мен тапқырлық. Ешқандай сиқыр, тылсым күші жоқ, тек миды шынықтыру қажет.
Кейде сиқыр өмірге керек сияқты көрінеді. Мидың толық қуатпен жұмыс істеуі туралы армандайсың. Бірақ мұндай сиқырлы дәрі жоқ. Оның орнына бар — логикалық ойды дамытатын тапсырмалар.
Мәселен, мына бір мысалды шешіп көріңіз: шырпымен жасалған «4 + 5 = 18» теңдігін дұрыс ету үшін тек бір шырпыны орнынан қозғасаңыз жеткілікті. Қалай ойлайсыз, не істеу керек?
Жауабын 24 сағаттан кейін телеграм каналда айтамыз. Егер сіз жауабын одан ерте тапсаңыз комментарииге жазып кетіңіз. Дұрыс шешкен адамның аты-жөні аталады.