2025 жылғы 4 шілдеде Ұлттық статистика бюросы Қазақстан астанасы туралы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Астана күніне орай бюро елордаға қатысты қызықты мәліметтерді ұсынды:
Халық саны – 1 566 566 адам (2025 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша).
Әйелдер саны ерлерден көп: 823 766 әйел, 742 800 ер адам.
2025 жылдың бірінші тоқсанында Астанада 6025 сәби дүниеге келген.
Сол кезеңде қалада 1914 неке тіркелген.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,52 жыл.
Қалада 14 жоғары оқу орны бар.
10 театр, 7 музей жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 295 179.
Қазақстанда «Астана» есімді 24 адам бар.